Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы есеп берді

0
2 051

Шымкентте 848 спорт нысаны тіркелген


Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы есеп берді

Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы есеп берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев алғашқы 2019 жылдың алғашқы 6 айында атқарылған жұмыстар туралы брифинг өткізді. Брифингте басқарма басшысы спортшылардың жетістіктері, спортты дамыту жұмыстары және Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы мәлімдеме жасады.

2019 жылдың 6 айында қала аумағында жалпы 222 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 41 мыңнан астам адам қатысқан. Қала аумағында спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны – 281 235 адам және барлық жастағы халықтың спортпен қамтылу көрсеткіші – 27,8 пайызды құрайды.

Брифинг барысында: «Бүгінде қала көлемінде 67 спорт түрі (37 олимпиадалық, 24 олимпиадалық емес) дамуда. 2019 жылдың алғашқы 6 айында қала спортшылары ҚР чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 272 алтын, 256 күміс, 278 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттары мен кубоктарында 32 алтын, 14 күміс және 17 қола медальға қол жеткізсе, әлем чемпионаттары мен кубоктарында 12 алтын, 6 күміс және 8 қола медальге ие болды. Ал, ҚР бесінші Жазғы Спартакиадасы бойынша Алматы қаласынан кейін екінші орында келе жатырмыз», - деп мәлімдеме жасады басқарма басшысы Әлібек Нұртаев.

Айта кетейік, Шымкентте 848 спорт нысаны тіркелген. Оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 6 спорттық құрылғылар кешені, 12 спорт кешені, 32 спорт манежі, 1 ескек есу базасы, 434 жазықтық құрылғы, 23 теннис корты, 249 спорт залы бар. Қазір қалада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы бірқатар спорт нысандары қызмет атқаруда. Сонымен қатар, мемлекеттік меншіктегі 30 спорт мекемесі мен кәсіпорындар және 1 акционерлік қоғам жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, басқарма басшысы Токио Олимпиадасына бір жыл қалғанын және оған сәйкес жұмыстар атқарылып жатқанынан хабардар етті.