Шымкенттегі бейбіт акциялар өткізілетін орындар қайта қаралып, бекітілетін болады

0
769

Бұл туралы Е.Айтаханов қала активінің отырысында баяндады.


Шымкенттегі бейбіт акциялар өткізілетін орындар қайта қаралып, бекітілетін болады

Бүгін Шымкент қаласында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша қала активінің отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мемлекеттік органдардың басшылары мен Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысқан жиынды қала әкімі Ерлан Айтаханов ашып, Жолдауда көрсетілген 5 бағытты айшықтап айтып берді. Сонымен қатар, әкім белгіленген бағыттарды қалада іске асыру бойынша нақты іс-шаралар мен міндеттер айқындалатынын атап өтті.


Атап айтсақ, қала басшысы бірінші бағыт бойынша Шымкент қаласы әкімдігіне азаматтардан келіп түскен әр өтініш және жеке қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесі қатаң бақылауға алынып, заң аясында нақты шешімін табуы керек екенін айтты.


Сондай-ақ, қаладағы заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтардың тыныштығын бұзбайтын бейбіт акциялар өткізілетін орындар қайта қаралып, бекітілетінін жеткізді.