Шымкенттегі «Диснейленд» құрылысын бастауға инвесторлар дайын емес

0
1 054

Қажетті қаржының өте қомақты екенін ескерген инвесторлар серіктес іздеп жатыр.


Шымкенттегі «Диснейленд» құрылысын бастауға инвесторлар дайын емес

Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан «Диснейленд» құрылысына қатысты міндеттемелер орындалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қала басшысы Ерлан Айтаханов «Қазақ радиосына» берген сұхбатында айтып берді.

«Инвесторлармен кездестік. Біздің әкімшілік алған міндеттемелерді толығымен орындады. Жерін белгілеп, бәрі анықталған. Бұл жердегі мәселе – инвестор. Соңғы кездескен кезде олар құнын анықтап, қаржының қомақты екенін ескеріп, «Серіктес іздейміз, тағы кездесеміз» деп ойланып кеткен. Біз инвестордың хабарын күтіп отырмыз. Олар серіктес тауып, келесі жылы бастаймыз деп отыр. Енді уақыт көрсетер», - деді Ерлан Айтаханов.

Еске сала кетсек, экс-әкім Ғбидолла Әбдірахымов 2020 жылы Шымкент қаласында "Диснейленд" құрылысы басталатынын айтқан еді.

Сонымен қатар, сұхбат барысында мегаполистегі көлік кептелісін шешу мәселелері де талқыланып, қала басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тәжірибесімен жұмыс іселіп жатқанын айтты.