Шымкентте газ-ауа қоспасы жарылып, Ресей азаматы жараланды

0
649

Жарақат алған Ресей азаматына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Сонымен қатар, қауіпсіз жерге 4 адам шығарылып, 6 адам құтқарылды.


Шымкентте газ-ауа қоспасы жарылып, Ресей азаматы жараланды

Шымкентте газ-ауа қоспасының жарылуы орын алды, дп хабарлайды ERNUR.KZ.

09 қараша күні сағат 06:27-де Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Нұрсәт мөлтекауданында 5-қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға көпқабатты үйдің 1-қабатындағы пәтерде орын алған. 1957 жылғы Ресей Федерациясының ер азаматы (пәтер жалдаушы) дене жарақатын алған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Сонымен қатар, қауіпсіз жерге 4 адам шығарылып, 6 адам құтқарылды.

Өрттің шығу себептері газ шаруашылығының алдын ала мәліметі бойынша белгісіз себептерден газдың жиналуы. 06.42-де өрттің беті қайтса, сағат 07.20-да толығымен сөндірілді.

Өрт орын алған пәтердің терезелері, есіктері зақымдалып, үй заттары мен жиһаздары жанған. Өрттің жалпы көлемі 35 шаршы метрді құрады.

Сондай-ақ, оқиғаның салдарынан көршілес орналасқан екі пәтердің терезесі, "Ауди" автокөлігінің алдыңғы әйнегі зақымдалған.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 29 адам және 6 техника, Апаттар медицина орталығы филиалының, жедел-құтқару жасағының 8 қызметкер, 2 техникасы, Полиция департаментінің жеке құрамында 20 адам, 7 техникасы жұмылдырылды.