Шымкенттегі гүлзар он бес жылдан кейін қайта жаңғырды

0
1 392

Мердігерлер 2500 шаршы метрден астам жерді көгалдандырып, 1400 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолын төсеген.


Шымкенттегі гүлзар он бес жылдан кейін қайта жаңғырды

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан субұрқақ пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан гүлзар қайта абаттандырылып, ондағы субұрқақ пайдалануға берілді. Қала орталығында орналасқан субұрқақтың ашылу салтанатына шаһар басшысы Ерлан Айтаханов қатысып, жергілікті тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

«Шымкент – қайырымды қала! Қаламыз бүгінгі күнде қарқынды дамуда. Маңызды қала мәртебесіне иеленген соң қала тазалығы, тұрғындардың әл-ауқаты, сапалы өмір сүруі басты назарда. Қоршаған ортаға мейіріммен қарап, қаланың тазалығына барынша көңіл аударуымыз қажет. Ол іске қаланың әр тұрғынын шақырамын», - деді Ерлан Қуанышұлы.

Атап айтсақ, Ахмет Байтұрсынов көшесі мен Төлеген Тәжібаев көшесі қиылысында орналасқан гүлзардың негізі 2004 жылы қаланған. Арада 15 жыл өтіп, 2019 жылы қайта құру жұмыстары жүргізілген бұл орында мердігерлер 2500 шаршы метрден астам жерді көгалдандырып, 1400 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолын төсеген. Тамыз айында басталған абаттандыру жұмыстары бүгінде толығымен аяқталды.

Аталған субұрқақ өз кезегінде Шымкент қаласының өзіндік келбетін сипаттайтын және қала тұрғындарының көпшілік демалушыларына ыңғайлы орта құру мақсатында салынды.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі