Шымкенттегі кафелердің бірінде ер адам өз әйелін пышақтады

0
1 642


Шымкенттегі кафелердің бірінде ер адам өз әйелін пышақтады

Шымкент қласындағы дәмханалардың бірінде араққа сылқия тойған ер кісі әйелін пышақтаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқиға 25 қаңтар күні сағат он екілер шамасында болған екен. Ерлі зайыптылар арасында болған жағдайды Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі де растап отыр. Қылмыстық жағдайдың куәгерлері дереу жедел жәрдем шақыртып, пышақталған азаматшаны ауруxанаға жеткізген. Дәрігерлер жарақаттанған әйелді бірден операция залына кіргізіп, күрделі ота жасап шығыпты.

"Азаматшаның қарын тұсына пышақ жарақаты тиген. Түскенде жағдайы ауыр болды. Операция жасалынды. Сондай-ақ, іш қуысында тіліктер бар. Отадан кейін де жағдайы ауыр болғандықтан жан сақтау бөліміне жатқызылды",-деді №1 қалалық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Сәбит Байбосынов.
49 жастағы жәбірленушіге пышақ сұғып алған ер кісі оқиға орнынан қашып кеткен.
"Күдікті азаматтың жеке тұлғасы анықталды. Қазір күдіктіні жан жақты іздеу жұмыстары жүргізілуде",-дейді Шымкент қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Саденова.

дереккөз Elitar.kz сайты.