Шымкенттегі қайырымдылық концертінен ірі көлемде қаржы жиналды

0
1 962

Аталған концертте Дастан Оразбеков, Нұрболат Абдулин және Төреғали Төреали және т.б. қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары өз өнерлерін паш етті.


Шымкенттегі қайырымдылық концертінен ірі көлемде қаржы жиналды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында өткен қайырымдылық концертінен ірі көлемде қаржы жиналды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» ресми парақшасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы Қазақстан Халқы Ассамблеясында өткен қайырымдылық концертінен егіз қыздарымыздың еміне бір жарым млн.теңгеге жуық қаржы жиналған.

Сондай-ақ, аталған концертте Дастан Оразбеков, Нұрболат Абдулин және Төреғали Төреали және т.б. қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары өз өнерлерін паш етті.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласында Қазақстан Халқы Ассамблеясы, қалалық "Жастар ресурстық орталығы" және "Insar" ивент орталығының ұйымдастыруымен Егіздің сыңарлары Айман мен Шолпанның еміне қаражат жинау мақсатында қайырымдылық концерті өтетіні жайында хабарлаған болатынбыз.