​Шымкенттегі кардиологиялық орталықтар тұрғындарды тегін қабылдап жатыр

0
939

Аталған акция "Дүниежүзілік жүрек күні" мерекесінің аясында ұйымдастырылған.


​Шымкенттегі кардиологиялық орталықтар тұрғындарды тегін қабылдап жатыр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгін Шымкент қаласындағы кардиологиялық орталықтар тұрғындарды тексеруден тегін өткізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласындағы кардиологиялық орталықтың директоры Қуатбаев Ермағамбет Мұханұлы айтып берді. 29 қыркүйек - "Дүниежүзілік жүрек күні" мерекесіне орай бүгін "Ашық есік күні" акциясы өтіп жатыр. Сонымен қатар, алдағы демалыс күндері қала бойынша мотошеру мен марафон өтеді.
"Біз дүниежүзілік жүрек күні мерекесіне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Соның ішінде кордиологиялық орталықтағы ашық есік күні де бар. Бұл шараның аясында бүгін қала тұрғындары кардиологтарға тегін тексеріде алады", - деді орталық директоры.
Айта кетейік, аталған акция бүгінгі сағат 17.00-ге дейін жалғасады.