Шымкенттегі қоғамдық көлік жүйесінің жаңа консепциясы қабылданды

0
714

Жаңа жүйе бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы жақсарып, тиімділігі артады.


Шымкенттегі қоғамдық көлік жүйесінің жаңа консепциясы қабылданды

Шымкент қаласы әкімдігінде қоғамдық көлік жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Онда «Astana LRT» компаниясы қала басшысына Шымкенттегі қоғамдық көлік кешенін модернизациялау бойынша жасалған тұжырымдамасын таныстырды.

Жаңа жүйе бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы жақсарып, тиімділігі артады. Атап айтқанда, автобустарды мобильді қосымша арқылы бақылауға болады, жол ақысын электронды төлеуге мүмкіндік туады, жаңа бағыттар ашылады, цифрлық және интеллектуалдық жүйе енгізіледі.
Қала әкімі аталған тұжырымдаманы мақұлдап, жаңа жүйеге кезең кезеңімен көшуді және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
-Бұл жүйе қала ішіндегі кептелістің азаюына, тұрғындардың діттеген жеріне тез жетуіне, жемқорлықтың алдын алуға, «Smart city» жүйесіне тезірек көшуге мүмкіндік береді,-деді М.Әйтенов.
Аталған концепция тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де үлкен септігін тигізеді. Енді жүргізушілер арнайы курстардан өтіп, кондукторлардың қызметі қатаң тексерілетін болады. Сондай-ақ диспетчерлеу арқылы автобус арасындағы жиілік сақталып, аялдамаға тоқтамайтын жүргізушілер қадағаланады. Бұдан бөлек, сауда орталықтары мен мектеп және басқа да адам көп шоғырланатын аялдамалар реттеліп, шағынаудандарға қатынау жеңілдейді.