Шымкенттегі қоғамдық орындар 100% WI-FI нүктелерімен қамтылады

0
621

Жеке инвестор қаражаты есебінен 10 елді мекенге талшықы оптика желісі жүргізілді.


Шымкенттегі қоғамдық орындар 100% WI-FI нүктелерімен қамтылады

Шымкент қаласында ағымдағы жылы қоғамдық орындар 100% wi-fi нүтелерімен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әбдіраханов Әсет Маратұлы брифинг барысында мәлімдеді.

Брифинг барысында 2021 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталған басқарма басшысы қаладан шалғай орналасқан 14 шағын аудан мен елді мекенге базалық станция орнатылып, 136 000 жуық қала тұрғыны сапалы интернетпен қамтылғаны жөнінде айтылды. Одан бөлек, жеке инвестор қаражаты есебінен 10 елді мекенге талшықы оптика желісі жүргізіліп, 100 000 жуық қала тұрғынына сапалы интернетке қосылуға мүмкіндік жасалғанын атап өтті.
«Сонымен қатар, ағымдағы жылдың жоспарында 15 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету мақсатында қажетті құрал-жабдықтар алынуда. Нәтижесінде 134 620 қала тұрғынына сапалы интернет қол жетімді болады. Бұдан басқа, қоғамық орындарды тегін WI-FI желісімен қамту бойынша 2021 жылы Ubiquiti Networks технологиясымен 30 тегін WI-FI іске қосылды. Ал биылғы жылы қала аумағындағы қоғамдық орындарды 100% WI-FI нүтелерімен қамту мақсатында 9 қоғамдық орынға 25 дана WI-FI құрылғысы орнатылатын болады»,- деді Әсет Маратұлы.