Шымкенттегі мектептерде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
570

Бүгінде аудан аумағындағы 40-қа жуық мектеп жаңа оқу маусымына дайындалуда.


Шымкенттегі мектептерде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов аудан аумағындағы мектептердің жаңа оқу маусымына дайындығын тексеру мақсатында арнайы аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аралау барысында білім ордасындағы бастауыш сыныптардың дайындығы, санитарлық нормалардың сақталуы тексерілді.
Аудан басшысы барлық карантиндік қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, білім беру процесінің сапасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, білім беру ұйымындағы дене шынықтыру алаңы мен мектептің кіре берісіндегі әрлеу жұмыстарына баса назар аударып, тазалық мәселелеріне басымдылық беруді тиісті сала басшыларына жүктеді.
Айта кетейік, бүгінде аудан аумағындағы 40-қа жуық мектеп жаңа оқу маусымына дайындалуда.