Шымкенттегі он үш мектептің әжетханасы сыртқы аулада орналасқан

0
1 869

7 мектептің əжетханасына жылу, жарық және жылы су кіргізілген.


Шымкенттегі он үш мектептің әжетханасы сыртқы аулада орналасқан

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында орналасқан барлық мектептердің ішінде және сырқы ауласында әжетхана қаралған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Аталған ақпаратқа сүйенсек, үшінші мегаполисте күндіз жалпы білім беретін 133 мектеп бар екен.

«Қаладағы барлық мектептің ішінде жəне сыртқы ауласында əжетхана қаралған. Бұрын жəне ыңғайластырған ғимаратта салынған 13 мектептің ауласында əжетхана бар. Оның ішінде 2019 жылы 7 мектептің əжетханасына жылу, жарық және жылы су кіргізілген», - делінген білім басқармасының мәлімдемесінде.

Айта кетейік, осының алдында Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 7 сынып оқушысын сабақ кезінде сырттағы әжетханада зорлап кетіп, Қазақстанның барлық аймақтарындағы ата-аналар дүрліккен еді.