Шымкенттегі өндірістік аймақта 7690 адам жұмыспен қамтылған

0
2 438

800-ден аса жұмыс орны ашылады.


Шымкенттегі өндірістік аймақта 7690 адам жұмыспен қамтылған

Шымкенттегі үш өндірістік аймақта 7690 адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлікті қолдау бойынша диверсификация мен технологияға негізделген экономика құруды тапсырды. Осы бағытта өткен жылы қалада индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен құны 38 млрд теңгеге 22 жоба іске асты. Онда 1 мыңнан аса жұмыс орны ашылды, – деді М.Әйтенов.
Қала әкімінің айтуынша, шаһардағы үш өндірістік аймақ бойынша 110 кәсіпорында 7 690 адам жұмыспен қамтылған. Одан бөлек, биыл 39 млрд теңгеге 16 жоба іске асырылмақ. Яғни, 800-ден аса жұмыс орны ашылады.
Айта кетейік, өндірістік аймақтар бойынша қалада тек өткен жылдың өзінде бюджетке 7 млрд теңгеге жуық салық түскен.