Шымкенттегі сарбаз бен оның бауырының қайтыс болу себебі анықталды

0
795

​Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шымкентте сарбаз бен оның бауырының неден қайтыс болғанын айтты.


Шымкенттегі сарбаз бен оның бауырының қайтыс болу себебі анықталды

Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шымкентте сарбаз бен оның бауырының неден қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Сарбаз бен оның бауыры газдан уланған, бауыры Шымкентте сауда орталығында сатушы болып жұмыс істеген. Осыған дейін БАҚ-тарда екі сарбаздың қайтыс болғаны туралы хабарланды, ол қате мәлімет", - деді министрлік өкілдері редакция тілшісіне.

Осыған дейін Шымкенттің ТЖД қызметкерлері № 556/52 әскери бөлімінің екі қызметкері қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Бірақ министрлік ол ақпаратты жоққа шығарды.

"Қайтыс болғандардың бірі - офицер, шені - аға лейтенант. Оның бауыры - әскери қызметкер емес. Олар осы жалдамалы пәтерде бірге тұрған. Қайғылы оқиға қызметтен тыс уақытта болған", - деді Қорғаныс министрлігіндегілер.

Министрлік қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтады.