Шымкенттегі теміржол вокзалындағы сағат жөндеуден өтеді

0
651

Жөндеу жұмыстары кезінде сағаттың бетіне қаланың логотипі қойылады.


Шымкенттегі теміржол вокзалындағы сағат жөндеуден өтеді

Шымкент қаласының теміржол вокзалындағы қаланың басты сағаты жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жөндеу жұмыстары кезінде сағаттың бетіне қаланың логотипі қойылады. Нәтижесінде, Шымкентке пойызбен келген жолаушы вокзалдан шыққан кезде қаланың маңызды элементін көретін көретін болады.
Қаланың басты сағаты соңғы рет 2012 жылы жөндеуден өткен болатын. Қазіргі таңда сағат механизмін жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Айта кету керек, соңғы кездері тұрғындар тарапынан темір жол вокзалындағы сағат тілінің бұралмай, уақыттан қалып қоя беретініндігі туралы шағымдар түскен болатын.