Шымкенттегі түнгі клубта болған төбелеске қатысты полиция түсініктеме берді

0
1 591

Төбелес кезінде клуб қызметкерлерінің біреуі жарақат алғаны анықталды.


Шымкенттегі түнгі клубта болған төбелеске қатысты полиция түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Шымкентте 11 наурызға қараған түні куәгерлер түнгі клубтардың бірінің маңынан топ адамды көреді. Бұл арнайы операцияға ұқсас еді. Ғимаратты полицейлер қоршап алып, сол маңда 6 арнайы көлік тұрды. Шымкент қалалық полиция департаментінің өкілдері хабарлағандай, полицейлер түнгі клубтардың бірінде ерегіс болғаны туралы хабарлама түсе сала келген, деп жазады elitar.kz.

«Шымкент қалалық полиция департаментінің Әл-Фараби полиция бөлімінің 102 кезекшісіне хабарлама түскен соң оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобы аттанып, мән-жайды анықтады. Тексеру кезінде анық болғаны, түнгі клубтың қызметкеріне дене жарақаттары салынған. Күдікті ретінде Түркістан облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.