Шымкенттегі үйлердің бірінен 21 жастағы қыздың мәйіті табылды

0
1 663

Оқиға Шымкент қаласы Ынтымақ шағынауданында орын алған.


Шымкенттегі үйлердің бірінен 21 жастағы қыздың мәйіті табылды

Шымкент қаласында тағы да улы газ жас ғұмырды жалмап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2019 жылдың оныншы қаңтарында, яғни күні кеше Шымкент қаласы Ынтымақ шағынауданы Сүйінбай көшесіндегі үйлердің бірінен 21 жастағы қыз баланың мәйіті табылған. 1997 жылы туған қыз баланың өліміне үйдегі жылыту газ құрылғысындағы ақау себеп болуы мүмкін көрінеді. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері осындай тұжырым жасап отыр.

Жылыту маусымы кезінде Шымкент қалалық ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп білім беру мекемелері мен тұрғын үйлерді аралап, арнайы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып келеді. Қауіпсіздік шараларын естен шығармай, мұқият болуға шақырады төтеншеліктер.