Шымкенттегі заңсыз орналастырылған дүңгіршектер алынуда

0
2 240

Қазіргі таңға дейін Әл-Фараби ауданы бойынша 38 дүңгіршек заңсыз орнынан алынған. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр


Шымкенттегі заңсыз орналастырылған дүңгіршектер алынуда

фото: Әл-Фараби ауданы әкімінің facebook-тағы ресми парақшасынан

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында заңыз орналастырылған дүңгіршектер алынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің facebook-тағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы аумағында белгіленген жерлерден тыс орындардағы сауданы жою жұмыстарының 2018 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданында заңсыз дүңгіршектермен күрес шаралары жалғасып жатыр. Осыған орай, кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары жүргізіліп өтті.

"Іс-шара барысында Әл-Фараби алаңы №3 мекенжайында орналасқан заңсыз дүңгіршек иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аталған заңсыз «Ауыз ти» дүңгіршегі орнынан алынды. Қазіргі таңға дейін Әл-Фараби ауданы бойынша 38 дүңгіршек заңсыз орнынан алынған. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр", - делінген аудан әкімінің хабарламасында.