​Шымкенттегі жаңа автобусқа алғашқы жолаушы болып әкім мінді

0
2 169

5 шілде күні Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңында З әлеуметтік маңызы бар маршрутта жүретін 30 қоғамдық көліктің таныстылымы өтті.


​Шымкенттегі жаңа автобусқа алғашқы жолаушы болып әкім мінді

фото: ERNUR.KZ.

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында3 әлеуметтік маңызы бар маршрутта жүретін 30 автобустың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

5 шілде күні Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңында З әлеуметтік маңызы бар маршрутта жүретін 30 қоғамдық көліктің таныстылымы өтті. Іс-шарағы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, аудан әкімдері қатысып, жаңа қоғамдық көліктермен танысты. Сонымен қатар, жаңа қоғамдық көліктің алғашқы жолаушысы да қала әкімі мен орынбасарлары болды.

«Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды.Уақыт өткен сайын шаһарда қоғамдық көліктердің қызметіне қойылар талап пен міндет ауқымы арта түсуде. 2017 жылдың соңына қарай қала әкімдігінің басқарушы құрамы бір ай көлемінде қызмет орнына қоғамдық көлікпен қатынаған болатын. Соның нәтижесінде, қоғамдық көлік саласында бірқатар өзекті мәселелер анықталған. Солардың бірі, қаладан шалғай жатқан және жолаушылар ағымы төмен шағын аудандарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта әлеуметтік маңызы бар 10 маршрут айқындалып, оның алғашқы 3 маршрутында жүретін 30 автобусты алдарыңызда таныстырып отырмыз. Сондай-ақ, «T-bus» ЖШС қалған 70 автобусты алып келуге міндеттеніп отыр», - деді Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарына 26 көлік компаниясы 70 бағытта 1100 көлік құралымен қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, қалада автопарктерді жаңарту бойынша жұмыстар жалғасатындығын атап өтті. Бұл өз кезегінде, қала тұрғындарына сапалы қызметті ұсынуға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.

«Биыл бұл шара белгілі бір дәрежеде ғана қамтылады. Ал 2019 жылы біз қаладағы қоғамдық көлік мәселесін толықтай шешетін боламыз. Осы автобустар халыққа ұнай ма, жоқ па, соны анықтау керек. Ұнамаған жағдайда халық талғамына сай көліктерге тапсырыс береміз. Жалпы 2019 жылдың соңына дейін қаламызға 3000-дай жаңа қоғамдық көлік әкелу жоспарда бар. Қаладани шалғай орналасқан 40 елді-мекен бар. Ол жердің барлығына қоғамдық көлік қатынайтын болады» , - деді қала басшысы өз кезегінде.