Шымкенттегі жаңа аялдамаларға ақын-жазушылардың өмірі мен ұлағатты сөздері жазылады

0
1 051

Аялдамадан да ақыл ал! ​Енді Шымкенттегі жаңа аялдамалардан ақын-жазушылардың өмірі мен ұлағатты сөздерін оқи аласыз.


Шымкенттегі жаңа аялдамаларға ақын-жазушылардың өмірі мен ұлағатты сөздері жазылады

Қала аумағындағы аялдамаларда ұлт мақтаныштары, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпаратты ілу ұсынылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол ұсынысты қоғам белсенділері бір ауыздан қолдады.
- Аялдамада автобус күткен қала тұрғындары телефонға телмірмей көркем дизайнмен жасалған керемет сөздерді көріп мүмкін ойы өзгерер, ақыл кірер, - деп өзіндік пікірлерін де білдірді.
Әзірге арнайы жасалған дизайн үлгісіне Әл-Фараби, Абай, Біржан сал сынды ұлы тұлғалар жайлы тың деректер мен ойсалар сөздері көрсетілген. Бұл ұсыныс мақұлданса, онда қазіргі ақын-жазушыларды да қосу жоспарда бар екенін айтады жауапты мамандар.