Шымкенттегі жарылыс бойынша тергеу жұмыстары басталды

0
824

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.


Шымкенттегі жарылыс бойынша тергеу жұмыстары басталды

Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев пен қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Әбдіраманов бүгін қалада орын алған төтенше жағдайға байланысты арнайы брифинг өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Полиция өкілі М.Алтаев орын алған төтенше оқиғаға қатысты жедел тергеу тобының құрылғанын және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының басталғанын мәлімдеді.
Ал, департаменттегі тергеу басқармасының басшысы Д. Әбдіраманов аталған оқиғаға орай, ҚР Қылмыстық кодексінің 292 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған азаматтардың қылмыстық әрекетін әшкерелейтін бұл бап бойынша екі жылдан жеті жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айыру көзделген.
Полиция департаменті өкілдері тергеу жұмыстарының барысына қарай алдағы уақытта қосымша мәліметтер хабарлайтынын жеткізді.