Шымкенттегі жедел жәрдем көліктері толығымен жаңарады

0
1 928

Үшінші мегаполиске жаңа 100 көлік әкелінген.


Шымкенттегі жедел жәрдем көліктері толығымен жаңарады

фото: ашық дереккөзден

Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем станциясының қызметтік көліктері толығымен жаңарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының бас дәрігері Құрманбекова Гүлнар Мамытқызы «Шымкент қаласы бойынша жедел жәрдем қызметінің қазіргі жағдайы мен жаңа реформалар» тақырыбында өткен баспасөз брифингінде айтты. Бас дәрігердің айтуынша, ескі жедел жәрдем көліктерін алмастыратын автомобильдерді Шымкент қаласына әкеліп қойған.

«Жақын арада Шымкенттегі жедел медициналық көмек көрсету станциясының 80-нен астам ескі көліктері жиі бұзылуы және ескіруіне байланысты жаңа 100 көлікпен толық алмастырылады. Ал, жаңа Hyundai маркасындағы көліктер заман талабына сай медициналық құралдармен толықтай жабдықталған. Оған біз түркиялық серіктестермен бірлесе қол жеткізіп отырмыз», - деді Гүлнар Мамытқызы.