Шымкенттегі жедел жәрдем станцияларына 100 жаңа көлік берілді

0
1 986

Hyundai маркасындағы көліктер заман талабына сай медициналық құралдармен толықтай жабдықталған.


Шымкенттегі жедел жәрдем станцияларына 100 жаңа көлік берілді

Шымкент қаласындағы жедел көмек көрсету станцияларына 100 дана жаңа көлік табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте Тəуелсіздік күні мерекесі қарсаңында қалалық жедел көмек көрсету станцияларына 100 дана жаңа қызметтік көлік берілді. Су жаңа Hyundai маркасындағы көліктер заман талабына сай медициналық құралдармен толықтай жабдықталған. Сондай-ақ, бұл игі іс түркиялық серіктестермен бірлесе жасалыпған.

Еске сала кетсек, медициналық жедел жәрдем станциясының қызметтік көліктері толығымен жаңаратыны жайлы бұған дейін Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының бас дәрігері Құрманбекова Гүлнар Мамытқызы айтқан еді.