Шымкенттегі жолайрық құрылысы 5 қаңтарда басталады

0
478

Құрылыстың жоспары бойынша ені 80 метрлі 4-6 жолақты жол салынады.


Шымкенттегі жолайрық құрылысы 5 қаңтарда басталады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Бәйдібек би - Арғынбеков көшелерінің қиылысында көлік жолайрығының құрылысы басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жолайрықтың техникалық сипатына сәйкес Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр аралықта жол құрылысы жүргізіледі.
Құрылыстың жоспары бойынша ені 80 метрлі 4-6 жолақты жол салынады. Ал жол жиегінде жаяу жүргіншілер жолы мен веложол қаралған. Бұл жұмыстар үшін 61 жер телімін мемлекет иелігіне алу көзделіп отыр.
Жолайрық құрылысын толығымен аяқтау мерзімі 2023 жылдың соңына жоспарланған. Құрылыстың 1-ші кезеңіне жауапты мердігер мекеме – «Казахдорстрой» ЖШС, оның техникалық қадағалауын «ЮжКазЭксперт» жүргізеді.