Шымкенттік 167 отбасы АӘК алуға мұқтаж емес деп танылды

0
1 096

Шымкент қаласы бойынша АӘК алуға барлығы 9613 отбасы өтініш жазған.


Шымкенттік 167 отбасы АӘК алуға мұқтаж емес деп танылды

Шымкент қаласы бойынша АӘК алуға қабылданған 9 613 отбасынан түскен өтініштердің 6 730-на шартты, 2 883 отбасыға шартсыз деп танылды. Ал 167 отбасының өтініші кері қайтарылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Яғни, комиссия оларды мұқтаж емес деп таныған.

2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізіліп, азаматтардан құжаттар 5 қаңтардан бастап қабылдана бастаған болатын. Бүгінгі күнге Шымкент қаласы бойынша 30 691 отбасыға кеңес беріліп, оларға тиісті қызмет көрсетілді. 9 613 отбасының өтініші қабылданып, 3 055 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.