Шымкенттік әкім Құрбан айт мерекесіне дайындықты бастады

0
2 202

Айт кезінде жетім-жесірлерге, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету бойынша ауданда атқарылатын жұмыстарды пысықтады.


Шымкенттік әкім Құрбан айт мерекесіне дайындықты бастады

фото: ibirzha.kz

ERNUR.KZ. Әл-Фараби ауданының әкімі мешіт имамдары және ардагерлермен кеңес өтізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов ауданға қарасты 9 мешіт имамдарымен және аудандық ардагерлер кеңесі мүшелерімен, аудан ақсақалдармен кездесу жиынын өткізді. Жиын барысында бүгінгі қоғамдағы дін мәселесі, ұлттық құндылықтар мәселесі және ислам дінінің қазақ салт-дәстүрімен байланысы бүгінгі таңда жастарымызды тәрбиелеуде дін мен дәстүр сабақтастығының тәрбиелілік мәнінің маңыздылығы жөнінде пікірталас әңгіме өрбіді.

Сонымен қатар алдағы келе жатқан Құрбан айт мерекесін аудан көлемінде өткізудің нақты тәртібі, айт кезінде жетім-жесірлерге, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету бойынша ауданда атқарылатын жұмыстарды пысықтады.

Сондай-ақ, аудан әкімі Ғабит Патшаханұлы өз сөзінде құрбан айт мерекесін өткізудің және құрбандыққа шалынатын мал сою тәртібін, мал сою бекеттерінің тазалық жұмыстарын ұйымдастыру бойынша және аудан тұрғындарына ыңғайлы жағдай қалыптастыру мақсатында алдағы уақытта мал сою бекеттері белгіленіп, қосымша хабарланатынын айтты.

Шымкенттік әкімдер кеңсесінде отырмайды

Тамыз айында қазақстандықтар 10 күн демалады