Шымкенттік әкім мәселелерге тікелей бақылау жасайды

0
1 366

Әл-Фараби ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында орналасқан көпқабатты үйлерде қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде


Шымкенттік әкім мәселелерге тікелей бақылау жасайды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында игілікті жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов ауданға қарасты «Сәуле», «Текесу», шағынаудандардың тұрғындарымен кездесіп, тыныс-тіршілігімен танысып, ауыл ақсақалдарымен және орам басқарушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындардың ең өзекті болып отырған ауыз су, жол салу, қоғамдық көлік, балалар және спорт алаңшаларын салу мәселелері көтерілген болатын. Аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің алдағы уақытта оңтайлы шешімін табуы мақсатында құзырлы мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізілетінін және аудан әкімдігінің тікелей бақылауында болатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында орналасқан көпқабатты үйлерде қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары бойынша сығымдау жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр.

Сондай-ақ, аудан аумағында орналасқан Бейбітшілік көшесінің тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің арасындағы ішкі орам жолдарына асфальттау жұмыстары жүргізілуде.


Бұл автөкөліктердің кіріп шығуына, аула тұрғындарының және балалардың жүріп тұруына ыңғайлы болатыны анық.