Шымкенттік әкімдер кеңсесінде отырмайды

0
2 001

Шымкенттік аудан әкімі елдің батасын алып жүр.


Шымкенттік әкімдер кеңсесінде отырмайды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы ауданының әкімдері халықпен жұмыс жасауды жақсартып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі – Исамидин Мұхитдинұлы аудан аумағына қарасты тұрғын алаптарына барып, тұрғындардың жағдайымен танысып жатыр.

Атап айтсақ, аудан әкімі "Мәртөбе" тұрғын алабы және "Қайтпас" шағынауданы төбе билерімен кездесіп, елді мекен халқының бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерімен танысты. Аудан басшысы халықты алаңдатып отырған мәселелерді тікелей өз бақылауына алатынын және құзыретті мекемелермен тиісті жұмыстардың жүргізілетіндігін айтты.


Сонымен қатар, Исамидин Мұхитдинұлы "Таскен", "Тассай" тұрғын алаптары тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында елді мекен белсенділері бүгінгі таңдағы өзекті болып отырған ауыз су, жол, ойын алаңшалары, қоғамдық көлік және т.б. мәселелерді атап өтті. Аудан басшысы аталған мәселелер бойынша тиісті мекемелермен жұмыстар күйшейтілетінін және балаларға арналған спорт алаңшасын салу мүмкіндігі қарастырылатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, аталған аудан әкімі бұның алдында «Асар», «Бозарық», «Достық», «Орманшы», «Алатау» тұрғын алаптарының тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылаған болатын.