Шымкенттік әкімдіктер жақсылық жасап жарысуда

0
2 381


Шымкенттік әкімдіктер жақсылық жасап жарысуда

ERNUR.KZ. Абай ауданы әкімдігі қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен және демеушілердің көмегімен Абай саябағында "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өткізілді. Қайырымдылық акциясы барысында аудан әкімі Б.Парманов ауданымыздағы аз қамтылған, жартылай жетім отбасылардан шыққан жиырмаға жуық балаларға мектеп формаларын тапсырып, келе жатқан оқу жылында үздік оқушы атануға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, қайырымдылық акциясының соңы балаларға арналған концерттік кешке жалғасты.