Шымкенттік автокөлік ұрысы ұсталды

0
1 389

Шымкентте «ВАЗ» маркалы автокөлікті белгісіз біреу ұрлап кетті.


Шымкенттік автокөлік ұрысы ұсталды

Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының полицейлері автокөлікті заңсыз басқарып кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент ҚІІД Абай ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда қала көшелерінің біріне тұрақтаған «ВАЗ» маркалы автокөлігін белгісіз тұлға ұрлап кеткендігін көрсеткен.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері тез арада келіп, кілтті көлікте қалдырып кеткен жүргізушінің қамсыздығын пайдаланған азамат белгісіз бағытқа айдап кеткендігін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Айғақты зат тәркіленіп алынды. Автокөлікті ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Автокөлік ұрыларының құрбанына айналмас үшін Шымкент ҚІІД полиция қызметкерлері бірнеше кеңес береді:
1. Аз уақытқа қалдырсаңыз да, көлігіңізді айдап кетуге қарсы құрылғымен жабдықтаңыз;
2. Ешқашан кілтті тұтандыру тетігінде қалдырмаңыз;
3. Көлігіңізді қайда барсаңыз да, құлыптап шығыңыз;
4. Бағалы заттар, ақша және құжаттарыңызды көлікте қалдырмаңыз. Әсіресе, барлығы көрінетін жерге;
5. Автокөлігіңізді мүмкіндігінше қорғалатын тұраққа қойыңыз. Егер, сонда да көлігіңізді ұрлап кетсе, полицияға тез арада хабарласыңыз, осылайша көлігіңізді тауып, қайтарып беру мүмкіндігі болады.
Естеріңізде болсын, меншік құқығынан басқа, әр жүргізушінің оның қауіпсіздігін сақтау міндеті де бар. Дер кезінде сақтық шараларын қолдану ең тиімді профилактикалық тәсіл болып табылады.