Шымкенттік басқарма құны 20 миллиард теңгеден асатын 52 конкурс жариялаған

0
1 773

Мемлекеттік сатып алулар басқармасы тарапынан жалпы конкурс рәсімдері аяқталған.


Шымкенттік басқарма құны 20 миллиард теңгеден асатын 52 конкурс жариялаған

Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алулар басқармасы 677 млн.теңге үнемдеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл тауралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта мемлекеттік сатып алу басқармасының атқарған жұмыстары жөнінде өткен баспасөз брифингінде басқарма басшысының міндетін атқарушы Балмейір Сансызбайұлы айтып берді.

Басқарма басшылығының мәлімдеуінше 2019 жылдың мамыр айынан бастап Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алулар басқармасымен жалпы құны 20 млрд. 034 млн. теңгеге 52 электрондық мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланған.

Ал, бүгінгі таңда Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алулар басқармасы тарапынан жалпы конкурс рәсімдері аяқталып, жеңімпаздары анықталған конкурстардың саны – 50 болса, жалпы сомасы 15 млрд. 056 млн. теңгеге жүзеге асырылған.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алулар бойынша 677 млн. теңге үнемделіп, үлес салмағы 4,5 пайызды құраған.