Шымкенттік баскетболшы қыздар ел чемпионатында жеңімпаз атанды

0
754

Енді шымкенттік жасөспірім қыздар келесі жарысқа дайындықты бастайды.


Шымкенттік баскетболшы қыздар ел чемпионатында жеңімпаз атанды

Шымкенттік баскетболшылар ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының Қажымұқан атындағы орталық стадионда баскетболдан 2006-2007 жылы туған қыздар арасында Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Астана қаласы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облысы және Шымкент қаласынан 2 команда қатысып, бақтарын сынады.
17-23 қараша аралығында өткен бәсекеде жерлестеріміз сәтті өнер көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласы бірінші орынды жеңіп алды. Астана қаласы 2-ші, Маңғыстау облысының командасы 3-ші орынға ие болды.

Енді шымкенттік жасөспірім қыздар келесі жарысқа дайындықты бастайды.