Шымкенттік бес баланың анасы "Бизнес бастау" жобасының ықпалымен өз кәсібін дөңгелетіп отыр

0
873

Үш айлық кәсіптік оқудан өткен көпбалалы ана бүгінде тәтті нан пісірумен айналысуда.


Шымкенттік бес баланың анасы

Шымкент қаласының тұрғыны, бес баланың анасы Нұргүл Әлтенова өткен жылдың басында мемлекеттік гранттың конкурсына қатысып, 505 мың теңгеге ие болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алдымен үш айлық кәсіптік оқудан өткен жас маман, бизнес жоспарын сәтті қорғап шыққан. Қазір жеңіп алған қаражысына тәтті нандар (торт) дайындауға қажетті жабдықтар сатып алған. Бүгінде тапсырыспен түрлі тәтті нандар дайындап, көпшіліктің алғысына бөленіп отыр.

- Мен кәсіп ашамын деуші көпбалалы отбасыларға жағдай жасап беріп отырған ел ағаларына шынайы алғысымды білдіремін. Ешкімге тәуелді болмай, өз ісіммен шұғылданып, отбасымды бағып-қағуға жетерлік пайда тауып отырмын. Шүкір. Алдағы уақытта тәтті нандар дайындайтын шағын цех ашсам деген ниетім бар, - дейді Нұргүл.

Еске сата кетейік, өткен жылы Шымкентте 3478 азамат мемлекеттік грантқа ие болып, 2955 азамат "Бастау бизнес" жобасы бойынша оқытылған.
Мемлекеттік гранттың конкурсына:

- Жасы 29 жастан аспайтын жастар;
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтар (жұмысқа жарамды);
- Көпбалалы ата-аналар;
- Аз қамтылған отбасылар (АӘК алушы) қатыса алады.