Шымкенттік боксшы халықаралық турнирде алтын медальға ие болды

0
800

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш алтын медальға қол жеткізді


Шымкенттік боксшы халықаралық турнирде алтын медальға ие болды

Шымкенттік боксшы халықаралық турнирде алтын медальға ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылы ақпан айының 3-8 аралығында Венгрияда бокстан Халықаралық «Иштван Бочкай» турнирі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш алтын медальға қол жеткізді.

Ал, 52 келідегі салмақта жерлесіміз Сабырхан Махмуд финалда Лалитха Прасада Полипаллиді (Үндістан) ұтып, алтын медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ, Қазақстандық спортшылар Талғат Шәйкен күміс медаль иегері, ал Айдос Арапов, Нұрбек Оралбай, Дамир Тойбай және Марина Вольнова қола жүлдегер атанды.