Шымкенттік боксшылар жарысты сәтті жалғастыруда

0
875

Жарыстың жеңімпаздары 29 қараша күні анықталады.


Шымкенттік боксшылар жарысты сәтті жалғастыруда

Шымкент қаласында өтіп жатқан бокстан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты қыза түсті. Шаршы алаңның мықтылары жүлдеге талас үшін аянып жатқан жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін ширек финалдық бәсекелер жоспарланған. Шымкент қаласы құрамасының боксшылары жарысты сәтті жалғастыруда. Олимпиада жолдамасының иегері Закир Сафиуллин, жастар арасында әлем чемпионатының жүлдегері Махмұд Сабырхан, әлем чемпионатының жүлдегері Жайна Шекербекова және тағы басқа жерлестеріміз ширек финалға шықты.
Сондай-ақ, бүгін Фариза Шолтай, Дина Исламбекова сынды бұрымды боксшылар да щаршы алаңға көтеріледі.
Жарыстың жеңімпаздары 29 қараша күні анықталады.