Шымкенттік дәрігер Минск қаласында 5 айлық балаға бауыр трансплантациясын жасады

0
2 131

Білікті маман 3 жыл ішінде 173 туыстық ота жасаған.


Шымкенттік дәрігер Минск қаласында 5 айлық балаға бауыр трансплантациясын жасады

Шымкенттік дәрігер Минск қаласында 5 айлық балаға бауыр трансплантациясын жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Рахымжан Үмбетжанов Шымкент қаласындағы № 1 қалалық клиникалық ауруханада гипатобилярлы хирургия және трансплантология бөлімінде жұмыс істейді. 31 жастағы дәрігер бірінші санатты хирург-дәрігер, трансплантолог.
Ол Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы медицина университетінде білім алған. Кейіннен Белоруссияның Минск қаласында трансплантант бойынша клиникалық ординатура мамандығы бойынша оқуын жалғастырды.
Білікті маман 3 жыл ішінде 173 туыстық ота жасаған.
Ізденімпаз маман Минск қаласында 5 айлық балаға бауыр трансплантациясын жасап, ота сәтті аяқталған. Бұл жөнінде Минск ақпараттық порталдары да жарыса жазды.
Рахымжан Үмбетжанов алдағы уақытта тәжірибесін іс жүзінде шыңдай отырып, еліміздің медицинасын әлемдік деңгейге жеткізсем деген арманы бар.