Шымкенттік дәрігерлер ауыр дертпен туылған сәбиді аман алып қалды

0
1 617

Нәрестеге дәрігерлер орталық жүйке жүйесінің туа бітті ақауы, туа бітті жұлын жарығы, екіншілік гидроцефалия, екіншілік гидронефроз диагнозын қойған.


Шымкенттік дәрігерлер ауыр дертпен туылған сәбиді аман алып қалды

Шымкент қаласының медицина мамандары жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Туылғанына енді 2 күн болған нәрестеге дәрігерлер орталық жүйке жүйесінің туа бітті ақауы, туа бітті жұлын жарығы, екіншілік гидроцефалия, екіншілік гидронефроз диагнозын қойған. Ауыр дертпен туған сәбиді дәрігерлер қалалық клиникалық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне ауыстырды.

Білікті мамандар сәбиді тексеріп, өмірін аман алып қалу үшін шұғыл түрде ота жасады. Ота кезінде хирургтар нәрестенің арқа жарығын хирургиялық жолмен кесіп алып, жарақат орнын жабу үшін өз терісін пластикалық жолмен қондырды. Екі сағатқа жуық өткен ота сәтті шығып, медицина мамандары сәбидің өміріне төнген қауіптің алдын алды.

- Ота кезінде жұлын жарығын және жұлынның қабаттарын жинап, тігіс салдық. Енді баланың емі ары қарай КТ тексеріліп, қажеттілікке байланысты хирругиялық емдер жасалады, - дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасының нейрохирургі Самат Кокшибаев.