Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы қабынған әжейді аман алып қалды

0
840

Дәрігерлер 82 жастағы қарияның қазіргі жағдайы жақсы дейді.


Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы қабынған әжейді аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы қабынған әжейді аман алып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өкпесіндегі дерті асқынған әжей Галина Хрущева 2020 жылдың 26 маусымы күні қалалық №1 клиникалық ауруханаға ауыр халде жедел жәрдеммен жеткізілген. Дәрігерлер егде жастағы кісіге “Пневмония” диагнозын қойған.
Қарт кісіні тексере келе мамандар оның өкпесінің 90 пайызы зақымданғанын анықтайды. Бұған қоса науқастың өкпесінен қан кеткен.
Денсаулық жағдайының ауырлауына байланысты дәрігерлер әжейді 30 маусым күні жансақтау бөліміне ауыстырады. Жансақтау бөлімінде науқасқа COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіледі.
Нәтижесінде қарт кісінің денсаулығы жақсарып, 6 шілде күні ауруханадан шығарылды.
Дәрігерлер 82 жастағы қарияның қазіргі жағдайы жақсы дейді. Ал әжей өзін ажалдан арашалап қалған медицина мамандарына алғысын білдірді.