Шымкенттік дәрігерлер өзбекстандық білікті мамандармен тәжірибе алмасады

0
1 453

Бұл меморандум Қазақстанның Өзбекстандағы медицина күндері аясында түзілді.


Шымкенттік дәрігерлер өзбекстандық білікті мамандармен тәжірибе алмасады

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев жәнеӨзбекстан мемлекетінің Самарқанд облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысыДавранбек Жуманиязовекі жақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған екі жақты келісімнің мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстанның Денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейту, медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту және екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Ең бастысы мегаполис дәрігерлерініңбіліктіліктерін артырып, тәжірбие алмасу болып есептеледі.

Бұл меморандум Қазақстанның Өзбекстандағы медицина күндері аясында түзілді. Сондай-ақ ауқымды шара аясындашет елдік медициналық ұйымдар және жоғары оқу орындары арасындакелісім жасалды.

Айта кетейік, Өзбекстан мемлекетіндегі Қазақстан медицина күндері екі күнге жалғасады. Ташкент қаласында өтіп жатқан ауқымды шараға Шымкент қаласынан денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдувалиевбастаған бір топ делегат қатысуда.