Шымкенттік дәрігерлер жүкті келіншектің жүрегіне ашық ота жасады

0
2 145

Ота жасалған әйел 16 апталық жүктілік кезеңде.


Шымкенттік дәрігерлер жүкті келіншектің жүрегіне ашық ота жасады

Шымкентте дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегін тоқтатып қойып, ашық түрде ота жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Екі жарым сағатқа созылған операция кезінде кардиохирургтар құрсағында шаранасы бар әйелдің жүрегінен эхинакок кистасын хирургиялық жолмен алып шыққан.

Айта кетерлігі, бүгінгі күнге дейін Шымкентте сондай-ақ Қазақстанда жүкті әйелдерге жүрек эхинококкозымен ашық түрде ота жасалмаған. Шымкенттік дәрігерлер мұндай диагнозбен аяғы ауыр әйелдерге алғашқылардың бірі болып ота жасап, жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Жүкті әйелдің жүрегіне ашық отаны білікті дәрігерлерден құралған команда жасаған. Нақтырақ айтқанда, кардиологиялық орталықтың директоры Ермағанбет Қуатбаев, кардиохирург Бауыржан Сайлаубекұлы, реаниматолог Бекжан Перменов, дәрігер перфузиолог Жәнібек Абширов күрделі отаны сәтті жасап шықты.

Ота сәтті аякталды, келесі тәулікте әйел асқынуларсыз кардиохирургия бөліміне ауыстырылған. Жүктілік ағымы асқынуларсыз өтуде. Қазір ана мен іштегі шарананың денсаулығы жақсы, деп хабарлады Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.