Шымкенттік делегация Жамбыл облысын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап барды

0
829

80 жылдық мерейтой аясында көптеген іс-шара өтпек.


Шымкенттік делегация Жамбыл облысын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап барды

Жыр алыбының есімімен аталатын Жамбыл облысының тұрғындары өңірдің 80 жылдық мерейтойын атап өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мерейтойға үшінші мегаполистен де арнайы делегация құттықтап барды. Шымкенттік делегацияның құрамында мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері және БАҚ өкілдері бар.

80 жылдық мерейтой аясында көптеген іс-шара өтпек. Бұған қоса бірқатар мәдени-әлеуметтік нысандардың құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріледі деп жоспарланған.

Атап айтқанда, Тараз қаласынан қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпанов пен танымал ақын Кенен Әзірбаевтың ескерткіші, сондай-ақ Әуендер әлемі мен Даңқты спортшылар алаңдарының ашылуы жоспарлануда. Сонымен қатар, «Тектұрмас» этнотарихи кешені ашылады.

Онда облыстық тарихи-өлкетану музейі, көрме павильоны, амфитеатр, қолөнер шеберлерінің галереясы, «Руханият» орталығының жаңа ғимараты, көркемдік-бейнелеу өнері галереясы бар.

Ал, Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған салтанатты жиын сағат 17:00-де өтеді деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 1939 жылы қазанда Әулиеата облысының атауы Жамбыл облысы болып ауыстырылды. Бұл дата Жамбыл облысының құрылған күні болып саналады.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігі