Шымкенттік екі боксшы Азия біріншілігіне қатысады

0
629

Жарысқа 19-22 жас аралығындағы боксшылар қатысады.


Шымкенттік екі боксшы Азия біріншілігіне қатысады

Шымкенттік екі боксшы Азия біріншілігіне қатысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тайланд елінің Бангкок қаласында 16-27 қантар күндері бокстан Азия біріншілігі өтеді. Жарысқа 19-22 жас аралығындағы боксшылар қатысады.
Байрақты бәсекеге жолдама алған спортшылардың ішінде шымкенттік боксшылар да бар. Атап айтқанда, жерлестеріміз 57 келі салмақта Махмұд Сабырхан мен 67 келі салмақта Абзал Серік ел намысын қорғайтын болады.