Шымкенттік әйелдер онкологиялық орталықта тегін тексеріле алады

0
1 166

Бұл іс-шара онкогинекологиялық патологиялардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған.


Шымкенттік әйелдер онкологиялық орталықта тегін тексеріле алады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қалалық онкологиялық орталығында әйелдерге арналған ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарландыру жасады.

"2019 жылы 21 қыркүйекте сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Шымкент қалалық онкологиялық орталығында онкогинекологиялық патологиялардың (жатыр мойны обыры, аналық без обыры, эндометрия обыры және т.б.) алдын алу және ауруды ерте анықтау мақсатында әйелдерге арналған ашық есік күні өтеді", - делінген хабарламада.

Бұл акцияға бойынан:

• Жыныстық қатынастан кейін жыныс жолдарынан су және қан кету;

• Менопауза түрінде қан кету;

• Іштің төменгі және бел аймағының ауырсынуы;

• Іштің жылдам үлкейуі;

• Әлсіздік, тез шаршау, тәбеттің болмауы байқалған барлық әйелдер қатыса алады.

Сондай-ақ, ашық есік күніне қатысушылар онкогинекологтарға тегін тексеріліп, барлық сұрақтарына жауап ала алады және кіші жамбасты «УЗИ», «КТ» немесе «МРТ» құрылғыларына түсіре алады.

Қосымша ақпарат үшін: +8 (7252) 36-11-13

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі 85.