Шымкенттік кәсіпкердің "GGG жұмыртқасы" елді елең еткізді

0
1 288

Жұмыртқаның қаптамасындағы жазу атақты боксшының GGG белгісіне қатты ұқсайды


 Шымкенттік кәсіпкердің

ERNUR.KZ. Геннадий Головкиннің "GGG" бокс белбеуінің стилінде жасалған жұмыртқа қаптамасы Астанада отандық тауарөндірушілер көрмесінде халыққа ұсынылды, деп жазады Sputnik.

Көрмеге келушілердің бірі, блогер Ерлан Сәкеновтың айтуынша, бұл "спорттық жұмыртқалар" (қаптамасында жазылған) Шымкенттік тауарөндірушіге тиесілі екен. Ерекше өнімнің суретін желі қолданушысы өз парақшасында жарияланды.

"Бұл емес – EGG, яғни ағылшын тілінен аударғанда жұмыртқа дегенді білдіреді", — дейді тапқыр кәсіпкер.

Көз тартатын қаптамаға оралған пайдалы асты Қазақстанның оңтүстігінде ғана сатып алуға болады. Астана және басқа қалалардың базарларына тасымалдау туралы кәсіпкердің жоспары жоқ.

Атап өтсек, "Қазақстанның үздік тауары" атты республикалық көрме байқауы "Көрме" орталығында 12-13 қазан күндері өтіп жатыр. Оған өңірлік байқаудан өткен 153 жеңімпаз компания қатысады.