Шымкенттік кәсіпкерлер Елбасыға коронавирустан тезірек сауығып кетуді тіледі

0
694

Шымкенттегі бір топ кәсіпкерлер халықты бүгінгі эпидемиологиялық жағдайға немқұрайлы қарамауға шақырды.


Шымкенттік кәсіпкерлер Елбасыға коронавирустан тезірек сауығып кетуді тіледі

Шымкенттік кәсіпкерлер коронавирус жұқтырған Елбасы Н.Назарбаевқа мықты денсаулық тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бүгін біз, өкінішке орай, коронавирустың біздің Тұңғыш Президентті де айналып өтпейтіні туралы жаңалықты естідік. Бұл факт бізге тағы да CОVID-19 - адамдардың денсаулығы мен өміріне, сондай-ақ біздің еліміздің экономикасына шынымен аса қауіпті екенін түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан, осы қатерге қарсы тұру үшін біз бәріміз карантин талаптарын қатаң сақтауымыз керек, пандемия мен оның салдарларына батыл жауап беру үшін бірігуіміз керек. Біз қаланың және бүкіл елдің әрбір тұрғынын азаматтық жауапкершілікке шақырамыз. Тек осылай ғана жұқтыру жағдайлары санының өсуін тежеп, өзімізді аурудан қорғап, жалпы осы теңдесі жоқ дағдарысты жеңе аламыз. Біз Елбасының ауруды жеңетініне сенеміз. Оған күш пен мықты денсаулық тілейміз!"- Шымкент қаласы кәсіпкерлерінің атынан Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Қайрат Молдасейітов тілек білдірді.

Өтінішке қол қойғандардың арасында - "Атамекен Корпорациясы" ЖШС Бас директоры М. Төлтебаев, "Бал Текстиль" ЖШС директоры Т. Исхахов, "Визит" АСЗ ЖШС Бас директоры В. Злавдинов, "Karlskrona LC AB" ЖШС Бас директоры У. Ахметов және басқа да кәсіпкерлер бар.