ШЫМКЕНТ: Мектеп бітірушілер көшеге "кортежбен" шықты

0
1 965

Шымкентте мектеп бітіруші түлектер қымбат автокөліктермен шеру жасап көшеге шыққан.


ШЫМКЕНТ: Мектеп бітірушілер көшеге

25 мамыр күні Шымкентте мектеп бітірушілер қымбат көліктермен кортежбен қала көшелеріне шыққан видео әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы кей мектептердің түлектері қымбат көліктер шеруін жасап қала көшелеріне шыққан. Бұған әлеуметтік желіде жарияланған видеолар дәлел. Және де ол видеолардың нақ Шымкентте түсірілгенін төмендегі суреттерден байқауға болады. Өйткені, бейнетаспада қаланың логотипіне айналған қызғалдақ бейнеленген аялдама тұр.

Бұған дейін Шымкент қалалық білім басқармасы шаһардағы мектептердің басшылары мен белсенді жастармен кездесу ұйымдастырып, қала көшелерінде білім ошақтарын бітіріп жатқан оқушылардыңқы қымбат автокөліктермен шеруге шығуына қарсы полиция рейдтік шара жүргізетіндігі жөнінде ескерткен болатын.

Мұнан өзге елімізде мектеп түлектері қоштасу кешінен, қымбат көліктермен қала көшелерінде шеруге шығудан бас тартып, оның орнына қайырымдылық жасау туралы челленджды қолға алған. Бұл бастаманы Шымкент қаласының кей білім ордалары да қолдай кеткен еді.


Алайда, әлеуметтік желілерде жарияланған виделолардан алынған мына суреттер Шымкенттік оқушылар ол челленджге жүз пайыз қосыла қоймағанын айқындап тұр.