Шымкенттік мұғалімдер арасында интелектуалды ойын өтті

0
928

Ұстаздар 4 кезең бойынша сайысқа түсті.


Шымкенттік мұғалімдер арасында интелектуалды ойын өтті

Шымкент қаласындағы №72 Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдері арасында «квизиум» интеллектуалды ойыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Квизиум ойынының мақсаты - мұғалімдердің танымдық интеллектуалдық қабілетін арттыру, шығармашыл әрі еркін ойлай алатын ұстаздар ортасын қалыптастыру.
Ұстаздар 4 кезең бойынша сайысқа түсті. Олар:
1. Сергіту сәтінде қатысушылар жеңіл сұрақтар бойынша әртүрлі сұрақтарғар жауап берді.
2. Логика кезеңінде логикалық сұрақтар арқылы ойлау қабілеті, ой шапшаңдығы, тапқырлығы және жылдамдығы анықталды.
3. Музыка кезеңі бойынша, әннің атын, орындаушысын, топтың атын анықтады.
4. Кино кезеңі бойынша қай фильмнен үзінді екенін айтып, кейіпкерлері кім екенін тапты.
Қызыққа толы ойын барысында, оқытушылар тың деректермен қоржындарын толтырып, түрлі сала бағытындағы сұрақтарға сүрінбей жауап берді.

Интелектуалды ойын соңында, «Ең үздік білімді топ», «Ең үздік тапқыр топ», «Ең үздік ойшыл топ» және «Ең үздік жүйрік топ» номинациялары бойынша 4 командаға сертификаттар табысталды.