Шымкенттік нейрохирургтер ірі жол апатынан зардап шеккендерге ота жасау үшін Қазығұртқа санавиациямен шұғыл жетті

0
1 093

Төрт көліктің соқтығысып қалуы салдарынан жарақат алған 7 адам бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.


Шымкенттік нейрохирургтер ірі жол апатынан зардап шеккендерге ота жасау үшін Қазығұртқа санавиациямен шұғыл жетті

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы аумағында орын алған ірі жол көлік оқиғасынан 15 адам зардап шеккен деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Зардап шеккендердің біріне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп оқиға орнында қалдырылған. Қалған 14-і Қазығұрт аудандық ауруханасына жеткізілген. Төрт көліктің соқтығысып қалуы салдарынан жарақат алған 7 адам бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Екеуіне санавиациямен шұғыл Шымкенттен жеткен нейрохирургтер ота жасап жатыр. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Зардап шеккен 3 адам Қазығұрт аудандық ауруханасының жарақат бөліміне жатқызылған. Ірі жол көлік оқиғасынан жарақат алған 4 адамға медициналық көмек көрсетіліп, жағдайларының жақсы болуына байланысты үйлеріне қайтарылды.