Шымкенттік оқушы қыздар футболдан командалық есепте бірінші орын алды

0
774

Финалда Атырау командасын 8-1 есебімен жеңіп жалпы командалық есепте 1-орынды иеленді.


Шымкенттік оқушы қыздар футболдан командалық есепте бірінші орын алды

Шымкенттік оқушы қыздар Таразда өткен жарыста бірінші орын иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

17-24 шілде аралығында Тараз қаласында оқушы қыздар арасында шағын футболдан Республикалық ХІ жазғы гимназияда жарыс өткізілді.

Аталған жарысқа Шымкент қаласының №39 және №47 мектептерінен құралған қыздар командасы қатысып, Алматы командасын 15-0 есебімен, Түркістан командасын 7-1 есебімен, жартылай финалда Қызылорда командасымен 9-0 есебімен жеңіп, финалда Атырау командасын 8-1 есебімен жеңіп жалпы командалық есепте 1-орынды иеленді.

Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиададан 60 оқушы жеңімпаз атанып, алтын, күміс, қола медальдармен және I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Қалалық білім басқармасының мәліметінше, халықаралық олимипиадалар бойынша 3 оқушы III дәрежелі дипломдармен марапатталған. Сондай-ақ, биылғы оқу жылында республикалық ғылыми жоба жарыстарға қатысқан шымкенттік оқушылардың 29-ы жеңімпаз атанды. Республикалық байқауларда 22 оқушы I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оның 1-і бас жүлде, 3-і – I орын , 3-і -II орын, 12- і – III орын, 3 номинацияға ие болды. Жас буынды жан-жақты дамытуды көздейтін ұлттық деңгейдегі «Елбасы медалі» бағдарламасына қала бойынша 371 оқушы қола, 4 оқушы күміс медальмен марапатталды. Олар жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді. Спортпен шұғылдану, өнерге бет бұру, төл мұраны дәріптеу, қайырымдылық жасау мен кітап оқудан сынақ тапсырды. Сонымен қоса, биыл Шымкентте 186 634 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 88 пайызын құрайды. Балаларды сауықтыру, жетілдіру, дамыту және бос уақытты тиімді өткізу мақсатында қала сыртындағы лагерлерде демалдыру үшін қала бюджетінен 300,0 млн. теңге қаралған. Оның ішінде, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілген. Аталған қаржыға жалпы орта мектептерінен аз қамтылған 7 241 бала, балалар үйінің 147 баласы және дарын мектептерінің 260 баласы қала сыртындағы лагерлерде демалатын болады. Одан бөлек ата-аналар есебінен 27 655 бала демалатын болатын болады.