Шымкенттік оқушылар Нью-Йорк университетінің грантына ие болды

0
2 523

Нью-Йорк университеті – әлемдегі жоғарғы оқу орындарының бірі.


Шымкенттік оқушылар  Нью-Йорк университетінің грантына ие болды

Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қос түлегі Нью-Йорк университетінің грант иегерлері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары Асылбек Сәдуақасов пен Азизбек Убайдуллаев Нью-Йорк университетінің грантына ие болды.
Нью-Йорк университеті – әлемдегі жоғарғы оқу орындарының бірі, Нью-Йорк, Абу-Даби және Шанхай қалаларында орналасқан. Асылбек аталмыш университетте 115-тен астам этнос өкілдері оқитынын және таңдаған оқу орнының білім сапасы, өз студенттеріне ұсынатын мүмкіндіктері орасан зор екенін айтады.
Бұл университетте бастапқы бірінші оқу жылында студенттер нақты бір мамандықты таңдамайды. Яғни, студенттерге өзіне ұнаған мамандық түрін оқу барысында таңдауға мүмкіндік берілген. Мысалы, мен университетке құжат тапсыру барысында мүмкін мамандығымды Сomputer science етіп көрсеттім. Және одан да бөлек салаларды қарастырып, тағы бір мамандық түрін меңгеру жоспарда бар, – деп биылғы мектеп түлегі ЖОО-ның тағы бір артықшылығын атап өтті.
Айта кетейік, осыған дейін мектептің түлегі Ернар Бекбаш Абу-Дабидегі уинверситетке $320,000 көлеміндегі оқу грантын жеңіп алған болатын.